Криминалистиканың жүйесі мен әдістері

Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі.

  • Криминалистикалық идентификация және диагностика.
  • қазақстандағы криминалистика ғылымының дамуы.
  • Лекция мақсаты:

    Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:

    1. криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;

    2. заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау;

    3. алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы оның нәтижелігін арттыру;

    4. жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;

    5. қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сақтық шараларды құқыққорғау органдарына ұсыну.

    Лекция мәтіні:

    Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді.

    Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, қылмыс жасаудан кейбір адамдарды сақтандырады.

    Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді.

    Қылмысты оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.

    Осы іздерді, оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдемелерді салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың қалай жасалғанын анықтап оның механизмін болжап білуге болады.

    Әрине қай тергеуші болса да, жасалған қылмысты өз көзімен көруі мүмкін емес. Бірақ болған оқиғаны жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін тергеуші өткен оқиғаны дұрыс болжап, жасалған қылмыс әрекетінің механизмін онымен модельдеуі тиіс. Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дұрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға үлкен әсер етеді.

    4 стр., 1636 слов

    Прокурорлық қадағалау

    ... қты камтамсыз етудің бірден-бір жолы прокурорлық қадағалау болып табылады. Прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдарды әртүрлі жолдармен дәлме-дәл және ... камтамасыз етуімен, сондай-ақ қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды дер кезінде әшкерелеумен және болдырмауменкол жеткізіледі. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ...

    Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге көрінбейтін) іздеп табу өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп тауып, дұрыс бекіту үшін арнаулы әдістер мен құралдарды пайдалану қажет. Осы іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін керекті техникалық құралдардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні оқытады.

    Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, криминалистика адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жасаған адамның криминалдық қылмысты іс-әрекетін және тергеушінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін криминалистикалық тәсілдер мен әдістерді қолдануға байланысты жұмысы.

    Криминалистика – қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процесуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, алу, бекіту, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.

    Криминалистика басқа да өзі тектес заң ғылымдарымен тығыз байланысты, өйткені криминалистиканың көп тәсілдері мен әдістері осы ғылымдардың қағидаларына негізделеді.

    Криминалистиканың келтірілген ғылымдар мен пәндерден басқа да криминалдық ұғымға кіретін сот-медицинасы, сот-психиатриясы, сот-психологиясы пәндерімен де көп байланысы бар, өйткені қылмысты ашу, оны тергеуге арналған криминалистикалық тәсілдер, тергеу әрекетін жүргізу әдістері осы жоғарыда айтылып отырған пәндердің қағидаларын пайдаланады.

    Криминалистика тек заң ғылымдары ғана емес, басқа ғылымдармен де, атап айтқанда: физика, химия, математика, педагогика, психология ғылымдарымен де байланысы бар, себебі криминалистика қылмысты тез арада ашу үшін, өз тәсілдерінің нәтижелігін арттыру үшін, жоғарыда айтылған ғылымдарда қолданылатын тәсілдер мен әдістер, техникалық құралдарды өз қажетіне бейімдеп пайдаланады.

    Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Жоғарыда талданған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:

    1. криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;

    2. заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау;

    3. алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы оның нәтижелігін арттыру;

    4. жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;

    5. қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сақтық шараларды құқыққорғау органдарына ұсыну.

    Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден құралады: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистикалық техника, тергеу тактикасы, жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі.

    Криминалистика өзінің алдына қойған міндеттерін ғылыми жолмен зерттеген тәсілдерді қолдану арқылы шешеді.

    Криминалистикада жалпы ғылыми және жеке тәсілдермен қатар арнайы тәсілдер де қолданылады.

    Әр қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы, онда көрсетілген жеке қылмыстарға тән белгілер осы қылмыстарды тергеуге қажетті әдістемелік ұсыныстар жасауға пайдаланылады.

    Криминалистика өзінің міндеттерін объективті тұрғыда зерттейді, сондықтан басқа ғылымдардағыдай диалектикалық тәсілді криминалистиканың жалпы тәсілі деп санауға болады.

    8 стр., 3659 слов

    Методы криминалистики и их значение в расследовании преступлений

    ... специальные или частно-научные). Целью выпускной квалификационной работы является изучение и исследование общепринятой классификацией методов науки криминалистики и их значение в расследовании преступлений. В ... в себе исследование объекта, концепции, проблем, основ, источников, взаимосвязей данной части криминалистики с другими отраслями научного знания, основных проблем построения, исследования и ...

    Мұнымен қатар криминалистикалық объектілерді зерттеуде, басқа ғылым салаларында да жиі қолданатын жалпы ғылыми тәсілдер пайдаланылады. Мысалы: бақылау, бейнелеп суреттеу, салыстыру, өлшеу, эксперимент т.б.

    Криминалистикада осы жоғарыда көрсетілген жалпы әдістермен қатар арнайы әдістер де қолданылады.

    Арнайы криминалистикалық әдістер, көбінесе басқа ғылымдарда пайда болған әдістерді криминалистикалық объектілерді зерттеуге бейімдеу арқылы пайда болған да, кейбір арнайы әдістер криминалистиканың өзінде пайда болып, кейінірек басқа ғылымдар да қолданылатын болған. Сонымен қатар арнайы әдістердің ішінде тек криминалистика ғылымында ғана қолданылатын әдістер бар, олар кейде криминалистикалық оқулықтарда криминалистиканың өзіне меншікті әдістер деп те аталады.

    Бұл әдістердің ішінде айрықша орын алатын әдістердің бірі – зерттеу тәсілдері, атап айтқанда: криминалистикалық фотографияның әдістері, трасология мен криминалистикалық баллистиканың, қолжазбатану, автортану, құжаттарды техникалық зерттеулердің, габитологияның, қылмыстық тіркеудің және криминалистикалық тактиканың әдіс-тәсілдері.

    Арнайы әдістердің екінші бір тобы басқа ғылымдардан алынып, криминалистикалық объектілерді зерттеуге бейімделген әдістер.

    Бұл топқа жататын әдістер: микроскопиялық зерттеу тәсілі, спектордың көзге көрінбейтін инфрақызыл, ультракүлгін сәулелерінде зерттеу, рентген сәулесінде зерттеу, спекторлық талдау т.б.