Ата заңымыз «Конституция» туралы

Реферат

Бірнеше ғасырлар бұрын адамдар ру- тайпаға бөлініп қоғамдасып өмір сүргендігі және олардың өз тәртіптері яғни сол кездегі өздерінің жазылмаған заңдары болғандығы тарихтан мәлім. Сол кездегі ру ішіндегі тәртіп өмірдің ағымына сәйкес, арадан сан ғасырлар өтіп адам сан-сезімінің өркендеуі салдарынан тәртіпке деген талаптар күшейіп қоғамда жазбаша түрдегі қағидалар пайда бола бастады. Өткен ғасырлардың данышпандары өз заманында өздерінің шешендік, білгірлік қасиеттерімен елеулі орын қалдыра білді. Мысалы ретінде айта өтетін болсам, «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» — деген сияқты тіл байлығы мол, сөзге шебер, қара қылды қақ жаратын «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағиданы қатаң ұстанатын, Төле бидей билердің ел арасындағы ереуілдерді әділетті шешулерімен тәртіпке деген талап күшейіп келе бастады.

Уақыт өте келе, он сегізінші ғасырда буржуазиялық революциялар жеңіске жеткен сәттен бастап конституциялар халық атынан қабылдана бастады.

«Елу жылда – Ел жаңарады» дегендей, арадан қаншама жыл-ғасырлар өтіп, Кеңес одағы таратылғаннан кейін, екі жыл өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң он екiншi сайланған тоғызыншы сессиясында тұңғыш Конституция қабылданды. Алайда бұған дейін Кеңестік Социялистік Республика Конституциясы күшінде болып келді. Заман өзген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізіліп келуде, бұл мемлекеттің өркендеуі, яғни дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу болып табылады деп ойлаймын.

Біздің Конституциямыздың бастамасы «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, … » деген сөзбен басталады. Бұл Қазақстанда тұратын барлық ұлт азаматтарының орныққан саяси келісімінің негізі болып табылады. Конституцияның халық атынан қабылдануы, тек қана біздің мемлекетімізде емес, басқа да көптеген мемлекеттердің конституциясында сондай сөзбен басталады. Мысалы; АҚШ Конституциясында «Біз, … Америка Құрама Штаттарының халқы …» деген сөздермен басталады.

1995 жылдың 30 тамызы біздің респуликамыз үшін Конституцияның жарыққа шығуы тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында елеулі жаңалық әкелді. Конституция кеңес үкметі кезінде өкілді органдарымен қабылданбаған болса, біздің басты заңымыз азаматтардың қалауымен барлық халықтық жалпы дауысымен референдумда қабылданған болатын. Сондықтан Конституция күні мемлектіміздің басты мерекесі ретінде танылады.

Нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай, Қазақстан Республикасы Конституциясы жоғары заң күшi бар сатыда тұрады.

12 стр., 5698 слов

Аза стан Республикасыны сырт ы сауда саясаты

... Қазақстан Дүниежүзлік Сауда Ұйымына ДСҰ мүшелікке өтпек. Сөзсіз бұдан біздің ұтарымыз аз ... экономика мамандықтары бойынша жоғары бім аламын деген адам мемлекеттің сыртқы экономиқалық ... экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығ ... жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті ж ...

Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады.

Конституцияда адамның жеке бас бостандығы, жеке өміріндегі құндылығы, сондай-ақ билік тармақтарының қоғамдағы рөлі айқын тұжырымдалған.

Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру барысында, басқа мемлекеттік органдармен қатар Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының қосатын үлесі зор. Атап айтқанда, 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған «Әділет органдары туралы» заңына сәйкес, әділет органдары жергілікті өкілді және атқарушы және басқа да органдардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және олардың заңды мүдделеріне қатысты ұсынған нормативтік құқықтық актілеріне заң сараптамасын жүргізіп мемлекеттік тіркеуді жүргізеді, заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын мемлекеттік тіркеуден өткізеді, зияткерлік меншік құқықтары жөнінде, яғни авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласында қызмет атқарады, діни бірлестіктермен байланыс жасайды, оларды тіркеуден өткізеді, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жұмысын жүзеге асырады сонымен қатар азаматтарды төл құжат және жеке куәлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге алып тіркеуден шығарады, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүргізеді. Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаларға сүйене отырып өз құзыреті шегінде басқа да қызметтер атқарады.

Дүние жүзілік тәжірбиеде көрсетілгендей адамға деген сыйласымдық, жеке өмірі мен бостандығының қорғалуы, қоғам дамуының айқын көрінісі. Сондықтанда құқықтық мемлекетіміздің азаматтарының мемлекет алдындағы жауапкешілігі алдынғы орындарда тұруы қажет.

Сондықтан да Конституцияға сәйкес мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық болып табылады.

Мемлекетіміздің қоғамдық жұмысына белсене араласқан ерікті азаматтар, мемлекетке өз үлесі мен пайдасына қызмет жасамаған азаматтардан беделі жоғары тұрады. Өз азаматтарының құқығы мен жеке бас бостандығын жоғары қойған мемлекет, күнделікті өмірде өзін барлық мемлекет арасында жоғары деңгейден көрсете алады.

Қазақстан мемлекетінде адам құқығы және бостандығының жоғары құндылығы құқықтық мемлекетінің негізгі қағидасын реттеп отырады. Қазақстан мемлекеттік–құқықтық даму бағдарламасын халықтың өмір сүру жағдайын, адам және азаматтардың құқығы мен бостандығының қорғалуы, мемлекеттің жоғары билік орандарынына қадағалау жүргізіп ,бақылау жүргізіп отырады.

Адам құқығы туралы жалпы декларацияның мазмұнына сәйкес адам құқығын қорғау, біздің конституциямызда дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетіндігі бәрімізге мәлім. Конституция барлық азаматтардың теңдігіне кепілдік беріп қана қоймай, сондай-ақ барлық билік тармақтарының қызметіне бағыт беріп отырады.

Елбасының белгілегеніндей конституция қоғамның дамуына зор үлесін қоса отырып, азаматтық қоғамның дамуына болашақта тұрақты қадағаланып отырады. Конституцялық нормаларды қадағалау біздің республика заңының мемлекеттің дамуына бағыталады. Қоғамның дамуы елімізге пенитенциярлық гуманизациялық жүйенің кіруі ықпалын тигізді. Жергілікті өзін-өзі басқару реформасында сайлау заңдылығының енуі Конституцияның дүние жүзілік қауымдастыққа кіруінің негізі ретінде танылады.

6 стр., 2527 слов

Водні ресурси України. Їх стан і охорона

... південних областях України частково чи повністю забезпечуються привізною питною водою. Аналізуючи стан систем водогінно-каналізаційного господарства в Україні, необхідно підкреслити, що з 21285 ... областей. Особливе занепокоєння у зв'язку з хімічним та бактеріальним забрудненням викликає стан водопостачання сільського населення. Тільки четверта частина сіл України користується послугами ...

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейн мемлекетіміздің саяси жүйесі Конституцияға сәйкес қайта реттелді. Конституция халықтың еркіндігін жоғары қойып, жаңа мыңжылдықта құқықтық нигилизім бағытында тоторитарлық жүйені артта қалдырды.

Еліміздің жаңа тарихында құқықтық ой- өріс пен құқықтық мәдениетіне құқықтық мемлекетіміздің жаңа қырларынан ашылып отыру керек. Бұл мәселе Президентің қазақстан халқына жолдаған 2004 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың бағыттары туралы жолдауында айрықша атап көрсетілген.

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру барысында Конституциямыздың тарихы негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын атай отырып, республикамыздың демократиялық және құқықтық жолында көптеген дәрежеге қол жеткендігімізді байқаймыз.

Елбасымыздың да ең басты заңымыз Конституцияның жарыққа шығуына зор улесін қосқанын айта кеткеніміз жөн.

Конституция біздің саяси, мәдени, рухани және эканомикалық дамуымыздың құқықтың қайнар көзі ретінде танылады.

2007 жылғы 21 мамырда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 254-III Заңы қабылданды. Осы заңмен Конституциямызға елеулі оң өзгерістер енгізілді. Атап айтатын болсам, 2-бапқа сәйкес «Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады» деп айқын көрсетілген.

Астана, Республиканың әкімшілік-саяси орталығы болып табылады. «Астананың гүлденуі Қазақстанның гүлденуі» деген, осыған сәйкес айтылған болса керек деп ойлаймын.

Сонымен қатар басқа да көкейтесті өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы жалпы барлық халықымыздың үйі болғандықтан, Қазақстанның құқықтық саясатына, әлеуметтік жағдайына белсене араласуымыз қажет есептеймін.

Сөз соңында, барлық Қазақстандықтарға, Астана қаласының Әділет депртаменті атынан еліміздің азматтарын «30 тамыздағы» атаулы мерекелермен яғни Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, таусылмас бақыт, бейбітшілік, аспандарыңыздың ашықтығын, жанұяларыңыздың татулығын, табыстарыңыздың берекелді мол болуын, сонымен қатар өз құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіздің бұзылмауын тілеймін.