Өнімді сертификаттау

Реферат

Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімінің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім. Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» «деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет. Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады. Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік бағасы деп атайды. Сәйкестік бағасы сәйкестікке тексерумен, сәйкестікті қадағалаумен және сәйкестікпен қамтамасыз етулермен тығыз байланысты. Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан, бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар. Сәйкестікті бағалау – өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғандығының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың(екінші жақ), мүддесін қорғайды.Үшінші жақ – алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган. Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген. Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды.

  1. Сәйкестікті бағалау модульдері

Сәйкестікті бағалау – өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғандығының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс- әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың(екінші жақ), мүддесін қорғайды.Үшінші жақ – алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган. Сәйкестікті растау нәтижесі – объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкесітігн құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі. Сәйкестікті растау нысаны – нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдар жиынтығы. Сәйкестікті растаудың 2 түрі бар: 1. Сәйкестікті ерікті растау – дайындаушының немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтініш берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім. 2. Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім. Сәйкестікті растау мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған:

4 стр., 1653 слов

Лицензия қазақша

... ына лицензия беру туралы қортынды шығарылады. З.Біліктілік талаптары 22.Туроператорлық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың ... ызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын бітіргендігі туралы растайтын құжаттары ж ... ң тізілімі; туристерге қызмет көрсету бағдарламасы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның ...

  • өнімнің және оның өмірлік техникалық регламенттерге, стандарттарға, келісім –шарттарға сәйкестігін растау, -өнімнің, көрсетілетін қызметтің еліміздегі және халықаралық нарықтарда бәсекелестігін арттыру;
  • сатып алушыларға өнімді, көрсетілген қызметті сенімді түрде таңдауға көмектесу;
  • тауардың елімізде еркін айналуына және халықаралық сауда айналымына кіруіне жағдай жасау.

Сәйкестікті растауды жүргізгенде мына принциптерді басшылыққа алу керек: 1) сәйкестікті растауды жүргізу тәртібі жөніндегі ақпараттарға мүдделі тұлғалар қол жеткізе алатын болуы; 2) техникалық регламенттерде объектілерде, қарастырылып отырған өнім түрлеріне қатысты сәйкестікті міндетті растау түрлерінің тізімі мен сызбасын белгілеуді; 3) сәйкестікті міндетті растау жұмысын оны жүргізу мерзімін және өтунушінің шығынын азайтуға бағыттауды; 4) сәйкестікті растауды ерікті түрде жүргізуге мәжбүрлеуге тыйым салуды; 5) сәйкестікті растаудың міндетті түрін ерікті сертификаттаумен алмастыруға тыйым салуды; 6) өтініш берушінің мүліктік мүддесін қорғауды, сәйкестікті растау кезінде алынған деректер жөнінде коммерциялық құпияны сақтауды; 7) техникалық регламенттерде талаптар қойылмаған объектілерге сәйкестікті растаудың міндетті түрін қолдануға тыйым салуды; 8) сәйкестік белгісімен белгіленген өнімнің сәйкестік презумпциясын дәлелдеуі керек.

«Сәйкестiктi растау саласындағы модульдiк тәсiл» техникалық регламентi

1. Осы «Сәйкестiктi растау саласындағы модульдiк тәсiл» техникалық регламентi (бұдан әрi — Техникалық регламент) өнiмнiң адамға және (немесе) қоршаған ортаға пайдаланудың шынайы жағдайында зиян келтiруiнiң әлеуеттi қаупiне қарай түрлi модульдердi қолдануға негiзделген өнiмнiң сәйкестiгiн растау саласындағы ережелерден тұрады және модульдерге қойылатын жалпы талаптарды белгiлейдi. 2. Техникалық регламент ережелерi өнiмге арналған техникалық регламенттерде сәйкестiктi растау саласында модульдердi белгiлеу кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және сатылатын өнiмдi мiндеттi және ерiктi растау рәсiмдерiн жүргiзу кезiнде қолданылады. Осы Техникалық регламентпен белгiленген модульдердi қызметтердiң сәйкестiгiн ерiктi растау кезiнде қолдануға болады. 3. Техникалық регламент талаптары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы қызметке қатысатын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады. 4. Осы Техникалық регламентте «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) өнiмдi нарыққа шығару — сауда қызметi шегiнде өнiмдi ақылы және тегiн негiзде нарықта тарату, тұтыну немесе пайдалану мақсатымен оны кез келген жеткiзу; 2) дайындаушы — өнiмдi дайындайтын немесе оның нұсқауы бойынша өнiм жобаланатын немесе дайындалатын және осы өнiмдi өзiнiң меншiктi атауымен немесе өзiнiң меншiктi маркасымен сататын жеке немесе заңды тұлға; 3) нарықта орналастыру — өнiмдi нарыққа бiрiншi шығару; 4) уәкiлеттi өкiл — Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, дайындаушының атынан нақты мiндеттер шегiнде әрекет етуге мүмкiндiк беретiн жазбаша тапсырма алған жеке немесе заңды тұлға. 5. Модульдердi пайдалану кезiнде мынадай қағидаттар қолданылады: 1) өнiмнiң сәйкестiгiн растау кезiнде модульдердi таңдау өнiмнiң техникалық регламент талаптарына сәйкестiгiне сенiмдi қамтамасыз ету, ал ол болмаған жағдайда — қауiпсiздiк көрсеткiштерi бойынша өнiмге арналған нормативтiк құжат талаптарына (бұдан әрi — белгiленген талаптарға) сәйкестiгiне сенiмдi қамтамасыз етуi тиiс; 2) қолданылатын модульдер сәйкессiздiк салдарынан туындайтын қауiптердi ескере отырып, өнiмнiң белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiне сенiмдi болу үшiн қажеттi болатындай барынша күрделi болмауы тиiс; 3) сәйкестiктi растау мақсаттары үшiн модульдердi қолдану өнiмдi жобалау және (немесе) өндiру немесе сату кезеңiнде жүзеге асырылуы тиiс; 4) техникалық регламенттерде оларды қолдану өнiмнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн барынша қамтамасыз ететiн модульдер жиынтығы мен олар бойынша дайындаушы (жеткiзушi) оның өндiрiсiне барынша жауап беретiн модульдердi таңдай алатын шарттарға қатысты өлшемдер белгiленуi тиiс; 5) техникалық регламенттерде дайындаушылар (жеткiзушiлер) таңдау үшiн рұқсат етiлген модульдер жиынтығының ықтимал нұсқаларын анықтаған кезде өнiм түрi, онымен байланысты қауiптер, өндiрiс сипаты, сынақ базасының болуы және т.с.с. ескерiлуi тиiс; 6) егер техникалық регламенттерде дайындаушының (жеткiзушiнiң) сапа менеджментi жүйесiн бағалауға негiзделген жеке модульдердi қолдану мүмкiндiгi қарастырылса, дайындаушы (жеткiзушi) сапа жүйесiн бағалауға негiзделмеген модульдердi немесе олардың жиынтығын (регламенттермен белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау үшiн тек бiр нақты рәсiм қолданылатын жағдайдан басқа) балама қолдану мүмкiндiгiне ие болуы тию. Өнiмнiң нақты түрлерiнiң сәйкестiгiн растау саласында модульдердi қолдану бойынша талаптар өнiмге арналған техникалық регламенттерде белгiленедi. Өнiмге арналған бекiтiлген техникалық регламент болмаған жағдайда, сәйкестiктi растау мақсаттарына арналған модульдердi сәйкестiктi растау жөнiндегi орган анықтайды. Бұл ретте дайындаушы (жеткiзушi) модульдер немесе олардың жиынтығын балама қолдану мүмкiндiгiне ие болуы тиiс. Сәйкестiктi растау рәсiмдерi оларды экономиканың нақты секторындағы белгiлi бiр жағдайлар талап ететiн жағдайда модульдерде келтiрiлген рәсiмдерден ерекшеленуi мүмкiн. Бұндай ауытқулар шектелген және тиiстi техникалық регламентте негiзделген болуы тиiс. Сәйкестiктi растау үшiн А, А1, А2, В, С, С1, С2, D, D1, Е, Е1, F, F1, G, G1, Н, Н1 модульдерi пайдаланылады. Сәйкестiктi растау мақсатында қолданылатын модульдер мен «әр модуль құрамындағы рәсiмдер тiзбесi 1-қосымшада берiлген. Сәйкестiктi растау кезiнде модульдердi пайдаланған жағдайда мыналарды ескеру қажет: 1) әр модуль дайындаушы мен сәйкестiктi растау жөнiндегi орган мiндеттерiн анықтайды; 2) С, С1, С2, D, Е және F модульдерi В модулiмен жинақта пайдаланылады, жеке жағдайларда (мысалы құрастырылуы мен дизайнi қарапайым бұйымдарды өндiрген жағдайда) олар жеке пайдаланылуы мүмкiн; 3) А, G, G-1, Н модульдерi жеке пайдаланылады.

2. Сертификаттау үрдісінің құрылымы

Сертификаттау құрылымы

Құры-лым

N

Сәйкестігін дәлелдейтін аккредитацияланған зертханада сынау

Өндірісті тексеру (сапа жүйесі)

Сертификатталған өнімді (сапа жүйесі, өндіріс) инспекциялық бақылау

1

Түрін сынау

Өндірістің жағдайын талдау

2

Түрін сынау

Сатушыдан алынған үлгіні сынау

3

Түрін сынау

Дайындаушыдан алынған өнімді сынау

4

Түрін сынау

Сатушыдан, дайындаушыдан алынған өнімдерді сынау. Өндіріс жағдайын талдау

5

Түрін сынау

Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау

Сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті) бақылау. Сатушыдан немесе дайындаушыдан алынған үлгіні сынау

6

Тапсырылған құжаттарға байланысты сәйкестігі туралы декларацияны қарау

Сапа жүйесін сертификаттау

Сертификатталған сапа жүйесін бақылау

7

Партияны сынау

8

Әрбір үлгіні сынау

9

Тапсырылған құжаттарға байланысты сәйкестігі туралы декларацияны қарау

10

Декларацияны қарау

Дайындаушы мен сатушыдан алынған үлгіні сынау

1-құрылым – аккредитацияланған зертханада типтік үлгіні тауар партиясынан ғана сынайды. Бұл күрделі конструкциялы өнімдерге тарайды. 2-құрылым – аккредитацияланған зертханада сату орнындағы, сатылатын өнімнен (тауарды) алынған үлгіні сынақтан өткізеді. 3-құрылым – дайындау орнындағы дайын өнімді сақтау қоймасынан алынған үлгіні сынау зертханасында сынайды. 4-құрылым – типтік үлгіні сынау үшін дайындау орнынан да сату орнынан да алады. 5-құрылым – типтік үлгіні сынау, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау. Инспекциялық бақылаудың сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті), сатушыдан, дайындаушыдан алынған үлгіні сынаумен бірге жүргізеді. 6- құрылым – сертификаттау органына өтініш декларация беріліп сәйкестік белгісіне лицензия алады. Бұл құрылым өндірістегі сапа көрсеткішін сертияикаттау үшін жасалады. 7-құрылым – тауар партиясын сынау үшін қолданады. 8-құрылым – әрбір өнімді сынауды өткізуді қамтиды. 9-10 құрылымдар – дайындаушының өтініш-декларациясы бойынша инспекциялық бақылау жүргізеді. Құрылымды пайдалану: 1-құрылым – отандық азғантай мөлшердегі шығарылған өнімдерге және аз мерзімге шығарылған импорттық тауарларға арналады. 2-құрылым – ұзақ мерзімге қойылатын импорттық өнімдерге арналады. 3-құрылым – сертификатталғаннан кейінгі ұзақ мерзімде бірқалыпты жағдайдағы өнім сапасына арналады. 4-құрылым – инспекциялық бақылауды өткізу, міндетті жағдайда пайдаланылады. 5-6 құрылымдар – өндірілетін өнім қоспасына қатаң талап қойғанда пайдаланылады. 7-8 құрылымдар – бір рет қойылатын өнімдерге арналады. 9-10 құрылымдар – кіші кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлерге жарамды.

3. Өнімді сертификаттау

Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген. Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды. Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша, сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды. Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек. Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты (параметрлері) мына нышандарға қарай таңдап алынады:

  • өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі (белгілі бір өндіріс партиясына жатады);
  • тапсырылған өнімнің техникалық құжатына сәйкестігі;
  • алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы;

— заң актілеріне сәйкес, міндетті сертифкаттауда, басқа талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау. Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады.

Өнімді сертификаттау тәртібі

1. Сертификаттауға өтініш беру. Өтініш беруші өтінішін сертификаттау органына, ол жоқ болса ҚР Мемстандарт комитетіне береді. Сертификаттау органы өтінішті қарап, өтініш берушіге сертификаттауды қандай орган жүргізетінін хабарлайды. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер беріледі. 2. Үлгі алу, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу. Сынақ үлгісін атестатталған сынақ зертханасы немесе сертификаттау органдарының өкілетті мекемелері жүргізіледі. Сынақтан өткен үлгі сертификаттау жүйесінің нақты өніміне тарайтын ережесі бойынша сақталады. 3. Өндірісті бағалау. Таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе сапа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі. 4. Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылған талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытынды жасалып, оң шешім болғанда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді. 5. Сәйкестік белгісін пайдалану. Тұтынушы сертификаттау органынан лицензия алып, алынған өнімді сәйкестік белгісімен белгілеу құқын алады. 6. Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сертификат мерзімі ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртеден аз болмауы керек.

4. Қызметті сертификаттау

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге әзірлік жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет саудасының Бас келісіміне (ҚСБК) қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвестицияның бір елден бір елге еркін жүруіне кедергі жасамайды. Бас келісім бағалы қағаздар, көлік түрлері, телекоммуникация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім, медициналық қызметтер т.б. қызмет ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге қол қойған ел, қатысушы елдерге өз рыногында ең қолайлы жағдайлар жасауға тиіс, оның ішінде, сауда тарифын төмендету, реттеу мәселелерінің анықтығы, т.с.с. Қызметті сертификаттау, көрсетілетін жұмысқа нақты стандарт талабы болуын қажет етеді. Репспубликада қалыптасқан тұрмыстық қызмет етудің ішінде – шаштараз, монша, тұрмыстық радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяқ киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с.с кең тараған. Нарықтық экономикаға көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр. Аталған қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды талап етеді. Қызмет етудің қауіпсіздігіне байланысты басты міндеті бірнеше сатыларға бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай сертификаттау құрылымы да өзгеріп отырады. Мысалы, шаштараз қызмет ету жұмысында әртүрлі пайдаланылатын химикаттарт.б. заттар адам өміріне қауіпсіз болуы керек. Осындай көрсеткіштер автокөлік, киім тазарту, т.с.с. қызмет етуде де орындалуы қажет. Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттау автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және өңдеу (ҚР Е 3.24-94), химиялық тазартау мен бояу, туристік, қонақ үй қызмет ету жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды сертификаттау жаңа қалыптасып келеді. Қызметті етуді сертификаттау жүйесінің принципі, өнімдерді сертификаттау жүйесімен бірдей (міндеттілігі және өз еркімен, үшінші жақтың қатынасуы, сертификаттау органын аккредитациялау, сәйкестік сертификатын беру т.б.).

Сонымен қатар қызмет етуді сертификаттаудың өзіндік ерекшелігі де бар, қызмет ету барысында орындаушы мен тұтынушының қарым-қатынасы, тұтынушыға көрсетілген қызметтің әсері, уақыты, сапасы, т.б. Қызмет ету жұмысын салыстырмалы түрде материалды емес (қасиетінің өзгеруі, жасауы, т.б.) және моральдық-психологиялық, рухына әсер ету деп екіге бөлуге болады. Қызметті сертификаттау құрылымына мына жұмыстарды қосуға болады:

  • материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру;
  • көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау;
  • қызмет ететін жұмыскерді аттестациялау;
  • қызмет ету технология тәсілін аттестаттау;
  • қызмет көрсететін кәсіпорындарды сертификаттау;

— инспекциялық бақылау. Қызметті сертификаттау құрылымы негізінен орындаушының шеберлігін, көрсетілген қызметтің үрдісін, кәсіпорынды аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау, қызмет етудің нәтижесін қалауынша тексеруден тұратындай етіп алуға болады. Ал, инспекциялық бақылауды қызмет ету нәтижесін бағалау, технологиялық бағалау, үрдістің тұрақтылығын тексеру арқылы жүргізуге болады, ол көрсетілген қызметке байланысты таңдап алынады. Қызмет етудің материалдық түрін сертификаттағанда орындаушының кәсіптік деңгейін аттестациялау (шағын кәсіпорындар және кәсіпкерлерді) қызмет ету үрдісін аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау және осы аталған көрсеткіштерді инспекциялық бақылау арқылы жүргізіледі. Қызмет көрсетуді сертификаттау үшін халықаралық, регионалдық және ұлттық стандарттардың талаптарын пайдаланады. Қазақстан Рспубликасында қызмет етуді сертификаттауды мемлекет деңгейінде заң, ережелер, негіз болатын стандарттар, классификаторлар пайдаланылады. ҚРСТ-ы кәсіпорын деігейінде нақты қызмет ету түріне техникалық шарт, фирма, кәсіпорын стандарттары, конструкторлық, технологиялық құжаттар рецептер және мөлшерлеуіш құжаттары пайдаланылады. Міндетті сертификаттауда пайдаланылатын құжаттарда адамның денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік нормасы, экологиялық параметрлері, қызмет ету тәсілі, технологиялық үрдістің орындалу, орындаушының шеберлігін, сапа жүйесін қамтамасыз ету тәсілдерінің талаптары көрсетілуі тиіс. Сертификаттау жүйесінде қызмет етуді инспекциялық бақылауды сертификаттау органы немесе эксперт-аудитор жүргізеді.